БастыЭкономика

Шекара маңындағы ауыл тұрғындарына жер учаскесі қайтарымсыз негізде берілмек

Индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган «Отбасы банкімен» бірлесіп, елдің шекаралас аудандарында тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру бойынша жаңа жобаларды әзірлейді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі ашық талқыға шығарған Ауылдарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдама-жобасында жазылған.

«Шекара маңындағы ауылдарда тұрақты тұратын халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында өз қызметкерлері үшін тұрғын үй салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тетігі енгізіледі. Сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысына арналған игерілмеген жаңа жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу жөніндегі жұмыс жалғасады. Индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен бірлесіп, елдің шекаралас аудандарында тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру жөніндегі жаңа жобаларды әзірлейді», – делінген Ашық НҚА порталында жарияланған тұжырымдамада.

Сонымен қатар көші-қон ағынын азайту мақсатында елді мекендерге еңбек мигранттарын тарту жұмысы жүргізілмек.

«Еңбек мигранттарын тарту мақсатында еңбек тапшылығы бар өңірлердің шекаралас елді мекендерінде жер учаскелерін кейіннен меншікке бере отырып, оларды өтеусіз пайдалануға беру мүмкіндігі қаралатын болады», – деп жазылған көпшілік талқылауға шығарылған құжатта.

Қоса кетсек, шекара маңындағы климаты қатал ауыл тұрғындарының 1 жылдық еңбек өтілі 1,5 жыл болып есептелмек.

Бұдан бөлек, табиғи-климаттық жағдайы күрделі шекара маңындағы елді мекендер үшін электр энергиясына төмендетілген тариф белгіленеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button