БастыӘлем

АҚШ және Орталық Азия елдерінің сапаршылары қауіпсіздік мәселелерін талқылады

АҚШ және Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік саласында маманданған сарапшыларының қатысуымен қауіпсіздік жөніндегі С5+1 жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстан тарапынан СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиев әріптестерді Қазақстанның қауіпсіздік мәселелері бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарымен таныстырды.

Отырыс барысында өңірлік және халықаралық қауіпсіздік, оның ішінде физикалық және киберқауіптерге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button