БастыӘлем

Мемлекет басшысы Сингапур Президенті Халима Якобты I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Президенті Халима Якобқа I дәрежелі «Достық» орденін табыс етті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Марапаттау рәсімінде Мемлекет басшысы Сингапур Президентінің екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Өз кезегінде Сингапур Президенті Халима Якоб көрсеткен сый-құрметі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықты дамытуға бар күш-жігерін жұмсайтынына сенім білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button