ҚР ИИДМ-де ПИК-ті жойып, басқарудың жаңа тетіктеріне өту мәселелері қаралды
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті еліміздегі көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа түрлеріне (МИБ/ҚС) көшіру жөніндегі кезекті кеңесті өткізді, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.
Жиынға Құрылыс және ТКШ істері комитетінің, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ, «Астана ЕРЦ» ЖШС, ПИК, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігі мен қалалық Әділет департаментінің өкілдері қатысты.
Кеңес барысында ПИК-ті ерікті түрде және мәжбүрлеп жою тәртібі жөніндегі тұщымды ақпарат пен түсіндірмелер, Бірыңғай есеп айырысу орталығы арқылы көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеу, сондай-ақ ТКШ саласындағы заңда қабылданған жаңа өзгерістер түсіндірілді.
Бұл ретте осы аптада жоғарыда айтылған заңды тұлғалық негізде басқарылатын ұйымды кезең-кезеңімен таратудың тәртібі ұсынылатынын айта кету керек. Аталған құжатпен ҚР «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.