2025 жылға қарай саламатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың үлесі 30%-ға дейін артады деп күтілуде
Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ажар Ғиният Мемлекет басшысының VIII сайланған Парламент Мәжілісінің бірінші сессиясының ашылуында берген медициналық инфрақұрылымды жақсарту қажеттілігі туралы тапсырмасын іске асыру туралы баяндады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
«Бүгінгі таңда республикада 6000-нан астам мемлекеттік денсаулық сақтау объектілері, оның ішінде 492 аурухана және 5 695 медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілері халыққа медициналық көмек көрсетеді. Медициналық ұйымдар ғимараттарының тозу деңгейі 44,7%-ды, оның ішінде стационарлар – 43,5%-ды, МСАК ұйымдары – 41,9%-ды құрайды. Бұл ретте, жұмыс істеп тұрған стационарлардың көпшілігі халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келмейді», – деді А.Ғиният.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Ол бекітілген Ұлттық жобаның шеңберінде 655 МСАК объектісін салу, сондай-ақ жарақтандыру, күрделі жөндеу, реконструкциялау жолымен 32 көп бейінді аудандық орталық ауруханаларды жаңғырту көзделіп отырғанын еске салды.
Бұдан басқа, министрдің міндетін атқарушы Астана және Алматы қалаларындағы 2 ғылыми-инновациялық көп бейінді клиниканы, МЖӘ шеңберіндегі 8 көп бейінді аурухананы, онкологиялық орталықтар желісінің 12 перинаталдық орталығын қоса алғанда, өңірлерде заманауи стационарлар салу жоспарлануда.
Осылайша, қабылданып жатқан шаралар денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Бұдан әрі А.Ғиният медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі заң жобасы туралы айтып берді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі.
Денсаулық сақтау министрлігі Заң жобасы шеңберінде медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық құқық бұзушылықтарды ізгілендіру және ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабының санкциялық шараларын төмендету жөніндегі нормаларды ұсынды.
Кәсіптік міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін ұсынылып отырған модель және жазаларды ізгілендіру бірінші кезекте азаматтардың құқықтарын қорғауға, медициналық қызметтерді алу кезінде денсаулығы мен өміріне келтірілген зиянды өтеуге, сондай-ақ медицина қызметкерлерін заңдық және қаржылық қорғауға, қызметі науқасқа көмек көрсету кезінде қоғамдық пайдалы қауіптермен байланысты саладан жоғары білікті мамандардың кетуін азайтуға бағытталған деп ведомство басшысының міндетін атқарушы түсіндірді.
А. Ғиният Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша СӨС насихатын күшейту, денсаулық мәселелері бойынша халықтың сауаттылығын арттыру бойынша 2023-2025 жылдарға арналған ведомствоаралық жол картасы әзірленгенін атап өтті.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2025 жылға қарай саламатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың үлесі 30%-ға дейін артады деп күтілуде.