Бүгін Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің отырысында Премьер-Министрдің Орынбасары – Үкімет Аппараты Басшысының лауазымына Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаевтың кандидатурасы келісілді. Бұл туралы Мәжілістің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.
Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрдің Орынбасары – Үкімет Аппараты Басшысы қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.