Бір күнде балалардың терезеден құлауының 2 жағдайы орын алды
Терезеден құлау – қазіргі уақытта балалардың жарақаттануы мен өлімінің себептерінің бірі болып табылады. Өздерінің қызығушылығына байланысты балаларға ашық терезе алдында болу өте қауіпті. Әдетте, құлаудың барлық жағдайларында балалар өздігінен терезе алдына көтеріліп, әр түрлі жиһазды тірек ретінде пайдаланады немесе москит торына сүйеніп, онымен бірге терезеден құлап түседі. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлайды.
Мәселен, 29 наурыз күні сағат 16:40-та Қарағанды облысының Саран қаласында 1А ықшам ауданында 2020 жылы туған қыз бала 4-қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен. Қайғылы сәтте үлкен балалар үйде болды. Қыздың жағдайы ауыр.
29 наурыз күні сағат 20:26-да 112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы ағайынды Жұбановтар көшесіндегі 5-ші қабаттағы пәтер терезесінен 2021 жылы туылған қыз баланың құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
ТЖМ ескертеді!
Балалардың терезелер мен балкондардан құлауына жол бермеу үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтаңыз:
– кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
– бала терезенің алдына шыға алмауы үшін жиһаздың барлық түрлерін терезенің жанынаң алып тастаңыз;
– москит торына сенбеңіз! Олар құлаудан қорғауға арналмаған;
– балаға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштерді қойыңыз;
– ашық терезенің жанында болу қаупі туралы балаларға түсіндіріңіз;
– егер бекіткіш құрылғы орнату мүмкіндігі болмаса, терезенің тұтқасын алып тастап, оны тек қажет болған жағдайда орнатыңыз.
Барлық оқиғалар мен ТЖ фактілері туралы – 112, 101 телефондарына хабарласуға болады.