Экономика

Жас кәсіпкерлердің шамамен 9%-ы кәсіпорын иелері, ал 91%-ы жеке кәсіпкерлер – ҰЭМ

2022 жылдың соңында Қазақстанда 30 жасқа дейінгі жастардың басшылығымен 400 мыңға жуық бизнес субъектісі жұмыс істеді. Сол жылы «Даму» Қоры көмегімен жас кәсіпкерлерге жалпы сомасы 61,3 млрд теңгені құрайтын 3 827 жобаға қолдау көрсетілді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі хабарлайды. 

Жас кәсіпкерлер мен іскер әйелдер арасында сауда саласы ерекше танымал (41,9%). Заңды тұлғалар мәртебесіндегі кәсіпкерлер ЖК-ге қарағанда (тиісінше 2,3% және 1,9%) құрылыспен (15,9%) және кәсіби, ғылыми және техникалық қызметпен (5,9%) айналысады.

Жас кәсіпкерлер, жалпы бизнес сияқты, Алматыда (16,7%) және Астанада (11,4%) көп. Халық тығыз қоныстанған Түркістан облысында жасы 30-ға дейінгі жеке кәсіпкерлер бизнес иелерінің 10% – дан астамын құрайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button