Алматыда есірткі сатушы ұсталды
Өткен аптада Алматы қаласы полиция департаменті жүргізген операция барысында “синтетика” сатушы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер есірткі заттарын жасырып кетумен айналысқан Алматы облысының тумасын ұстады.
Жігіттен мефедрон салынған 265 түрлі-түсті орама тәркіленді.
Анықталғандай, ол қылмыстық әрекетін өткен жылы курьер ретінде бастаған. Алты айдан кейін күдікті синтетикалық және психотроптық заттарды ораумен айналыса бастаған.
Берілген нұсқауларға сәйкес ол салмағы 200 грамнан асатын ірі көлемдегі орамаларды әзірлеген.
Жігіттің тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде “мефедрон” деген жазуымен 500 грамм ерекше иісі бар ұнтақ зат салынған үлкен пакет, таразы, 400 zip-lock пакеттері, 43 түрлі түсті изолента мен қағаз жапсырмалар, 105 дайын есірткі орамдары тәркіленді.
Осы операцияның нәтижесінде полиция 1 кг 400 гр синтетикалық есірткіні айналымға жібермеді.
Жалпы өткен аптада ел бойынша тәртіп сақшылары 124 есірткі құқық бұзушылығын анықтады: оның ішінде 16 өткізу фактісі, 15 сақтау фактісі, екі контрабанда фактісі, екі есірткі өсіру фактісі, бір притонды ұйымдастыру және ұстау фактісі.
Заңсыз айналымнан шамамен 121 кг есірткі, оның ішінде 6,5 кг синтетика тәркіленді.