Денсаулық
КВИ: 1 781 адам коронавирус инфекциясынан емделуде
20 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 781 адам коронавирус инфекциясынан (–1 609 + және 172 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 135 пациент стационарда, 1 646 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 2 адамның жағдайы ауыр,
- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.