Астанада мүгедек адамдардың дауыс беруі үшін қандай жағдай жасалды
Астана қаласында дауыс беруге құқығы бар 19 мың мүгедек адам тұрады, олардың ішінде кресло-арбада – 1 343 адам, есту қабілеті бұзылған – 457 адам, көру қабілеті бұзылған – 492 адам бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Сайлау күні мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау жөнінде қызметті 3 ұйымнан 40 машина жүзеге асыратын болады:
– кресло-арбамен қозғалатын мүгедектігі бар адамдар үшін – 6 бірлік, «Мүгедектік технологиясын зерттеудің инновациялық ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС жүзеге асырады;
– көру қабілеті нашар адамдар үшін – 20 бірлік, «Малика» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырады;
– 14 бірлік Астана қаласының мүмкіндігі шектеулі жандар үшін (18 жастан асқан) дәрігерлік консультативтік комиссияның тағайындауы бойынша «Мүгедек балалар қоғамы» қоғамдық бірлестігі қызмет көрсетуші жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 «Автомобиль көлігімен мүгедек адамдарды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау бойынша қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес инватакси қызметтерін көрсетуді жергілікті атқарушы органдар Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жүзеге асырады.
Мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға инватакси қызметін көрсететін көрсеткіштер мыналар болып саналады:
1) қозғалуы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтер көрсетуіне медициналық қарсы көрсеткіштер, есту қабілеті нашар адамдарға – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы No 26 бұйрығымен бекітілген оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жылына алпыс сағат;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы No 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 17-қосымшаға сәйкес бөлмелік және жүруге арналған мүгедектер арбаларын беруге медициналық көрсеткіштер.
Мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметін ұсыну үшін мүгедектікті белгілеу мерзіміне берілген дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негіз болып саналады.
Инватакси қызметін күнделікті алу үшін қызмет көрсететін ұйымға телефон арқылы бір тәулік бұрын өтінім беру қажет.
Астана қаласының мүгедектігі бар адамдарды (18 жастан асқан) тасымалдау жөніндегі қызметтерді:
– кресло-арбамен қозғалатын адамдар үшін – 6 бірлік мамандандырылған көлік. Жеткізуші Абылай хан, 43/1 мекенжайында орналасқан «Мүгедектік технологиясын зерттеудің инновациялық ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, диспетчерлік нөмірлері 8-708-425-36-56, 25-36-56.
ДКК (Дәрігерлік-консультациялық комиссия) ұсынымдары бар, бірақ кресло-арбаларды пайдаланбайтын мүгедектігі бар адамдар үшін – 14 бірлік, Сатпаев, 31 мекенжайында орналасқан «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің қызмет көрсетушісі жүзеге асырады, диспетчерлік нөмірлері: 8-702-893-80-53, 8-702-793-58-21.
Көру қабілеті нашар адамдар үшін – 20 бірлік, Бейбітшілік, 43 мекенжайында, 314-кабинетте орналасқан «Малика» қоғамдық бірлестігі қызмет көрсетуші жүзеге асырады, диспетчерлік нөмірлері 87081050654, 87026070501, 77-04-18.
Сонымен қатар, Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі No 167/21-VI шешіміне сәйкес, елордада қала азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық жолаушылар көлігі бағыттарында жол жүру ақысын төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.