Ұлттар лигасы аясында өткен Словакияға қарсы матчтағы (1:0) Қазақстан құрамасының үздік ойыншылары анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
InStat аналитикалық компаниясының мәліметінше, бұл кездесуде қақпашы Игорь Шацкий өзін жақсы жағынан көрсетті. Қарағандылық «Шахтер» командасының капитаны словактарға қарсы ойында үш рет сейв жасап, екінші ойын қатарынан қақпасына гол жібермеді. Оның InStat индексі 265 болды.
Рейтингте екінші орынды жеңіс голының авторы Аслан Дарабаев (262) иеленсе, Рамазан Оразов (248) үздік үштікті түйіндеді.
Қазақстан құрамасының Словакиямен өткен матчтағы үздік бес ойыншысы:
1. Игорь Шацкий – 265
2. Аслан Дарабаев – 262
3. Рамазан Оразов – 248
4. Сергей Малый – 243
5. Нұралы Әліп – 240.