БастыДенсаулық

8 маусымнан бастап ҚР азаматтары мен шетелдіктер үшін вакциналау мен ПТР растау талаптары алынып тасталады

8 маусымнан бастап ҚР азаматтары мен шетелдіктер үшін вакциналау мен ПТР растау талаптары алынып тасталады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Комиссия жұмысына мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП өкілдері мен өңірлердің басшылары қатысты.

Елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануын ескере отырып, ведомствоаралық комиссия келесідей шешімдер қабылдады:

Бірінші: биылғы 8 маусымнан бастап ҚР азаматтары мен шетелдіктерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын (COVID 19-ға қарсы вакциналау туралы паспортты/сертификатты/анықтаманы) құжаттық растау бойынша, ал олар болмаған кезде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі көрсетілген анықтаманы ұсыну талабы алынып тасталады;

Екінші: республиканың 7 өңіріндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде уақытша жабылған 12 автомобиль өткізу бекетіне жұмыс істеуге салынған тыйым алынып тасталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button