Бастыпроисшествие
Мәсімовті тапқан адамға 12 млн теңге беріледі – Антикор
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 1973 жылы туған Павлодар облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовті тапқан адамға 12 миллион теңге беріледі деп хабарлады turkystan.kz.
Антикор өкілдері іздестірілушіні анықтау немесе оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда Агенттіктің көрсетілген телефондары бойынша хабарлауды сұрады.
call-центр 1424
+7 (7172) 909 260
+7 (727) 278 7300
+7 (707) 978 0808
Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 4 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін сыйақы көзделген.
Хабарламаның құпиялығына кепілдік беріледі.