БастыҚоғам

Елордада бір ай бойы бос орындар жәрмеңкесі өтеді

«Тұлпар» сауда үйінің жанындағы алаңда бір ай бойы өткізілетін бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шараға Байқоңыр ауданының әкімдігі және Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы бастамашы болды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елордада бос орындар жәрмеңкесі 16 мамыр мен 15 маусым аралығында өтеді.

«Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту орталығы «пятактағы» азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында бос орындар жәрмеңкесін өткізуде. Негізгі мақсат-жұмысшыларға күнделікті жалақы емес, тұрақты жалақы алу үшін ресми жұмысқа орналастыру. Көптеген адамда бүгін жұмыс бар, ал ертең жоқ. Ресми жұмысқа орналастырудың зейнетақы аударымдары, жыл сайынғы ақылы демалыс, медициналық сақтандыру түрінде артықшылықтары бар», – деді Нұр-Сұлтан қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Байтасов.

Елорда тұрғындары үшін бос жұмыс орындарын жұмысшы кадрларды іздестіріп жатқан 10 жұмыс беруші ұсынды. Бір ай бойы күн сайын жұмыс берушілердің тізімі өзгеріп, жаңа компаниялармен толықтырылады.

Жамбыл Малжанов бүгінгі күнге дейін жұмыс іздеп жүріп, жолы болып «Тұлпар» СҮ жанынан өтіп бара жатқанда бос орындар жәрмеңкесін көреді.
«Барлық бос жұмыс орындары осы жерде бар адамдар санатына бағытталған. Ұсынылған бос жұмыс орындарына қарап, Мен өзімнің сұрауларыма сәйкес келетін жұмыс таптым. Бұған дейін РФ-да краншы болып жұмыс істеп жүріп, шамамен 400 мың теңге алып, бүгінде жалақысы 450 мың теңге болатын осындай мамандықты таптым. Менің жолым болды деп есептеймін», – деп бөлісті Жамбыл Малжанов.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button