БастыСаясат

Тоқаев: «Бірлігіміз – әралуандықта» деген қағидатымыз ешқашан өзгермейді

Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясы өтіп жатыр. Онда Мемлекет басшысы қазір геосаяси ахуал ушыққан кезде еліміздің азаматтық бірегейлігін нығайту қажет екенін атап өтті.

«Қазір геосаяси ахуал ушығып тұр. Жаңа сын-қатерлер пайда болуда. Мұндай жағдайда еліміздің азаматтық бірегейлігін нығайтып, отаншылдық рухын көтеруге баса мән беруіміз керек. «Бірлігіміз – әралуандықта» деген басты қағидатымыз ешқашан өзгермейді. Біз жас ұрпақты нағыз отаншыл азамат етіп тәрбиелеуіміз керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button