Бастыпроисшествие

Майк Тайсон ұшақта жолаушыны соққының астына алды

Танымал боксшы Майк Тайсон ұшақта жолаушыны соққыға жықты, деп жазады TMZ басылымы.

55 жастағы Тайсон ұшақта жолаушыны соққыға жыққан. Аталмыш оқиға Сан-Францискодан Флоридаға ұшып бара жатқанда орын алған.

Бұл жағдайды көзімен көргендердің айтуынша Тайсонның арт жағында отырған жолаушы ішімдікке сылқия тойып алған және аты аңызға айналған былғары қолғап шеберіне маза бермеген. Нәтижесінде америкалық боксшы бірнеше рет ескерту жасаған.

Алайда мазалауын тоқтатпаған соң Тайсон күш қолдануға мәжбүр болды. Нәтижесінде көгала қойдай таяқ деген жәбірленуші полицияға жүгінді. Әзірге полиция тарапынан Майк Тайсонға хабарлама келмеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button