БастыДенсаулық

Коронавирус жұқтырған 1,2 миллионнан астам адам вирустан жазылып шықты

Еліміздің аумағында өткен тәулікте 41 азамат инфекциялық жұқпалы дерттен айығып, ауруханадан шықты.

Ведомствоаралық комиссияның бүгін таратқан мәліметіне қарағанда, аурудан жазылғандардың 9-ы Нұр-Сұлтан қаласында тұратын болса, 19-ы Алматы қаласының тұрғыны.

Сондай-ақ Алматы облысында – 2, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Қарағанды облысында – 5, Қостанай облысында – 2, Солтүстік Қазақстан облысында – 3 азамат індеттен сауығып шыққан.

Айта кетейік, Қазақстан бойынша коронавирустан жазылғандар саны – 1 290 720.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button