БастыҚоғам

Бұрқасын, көктайғақ: Cиноптиктер елордадағы ауа райы туралы айтты

Елордада бұрқасын, көктайғақ және екпінді жел болады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін 30 наурызда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр, қар жауады, боран соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 25 м/с жетеді.

Ертең 31 наурызда жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді, ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы болады.

Синоптиктердің болжамынша, 1 сәуірде көшпелі бұлт шығады, оңтүстік-батыстан басталатын жел оңтүстік-шығысқа ұласып, 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button