БастыҚоғам

Бүгін ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» синоптиктері 29 наурыз, сейсенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты.

Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді.

Осыған байланысты жаңбыр мен қар жауады. Солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты желмен бірге қатты жауын-шашын жауады.

Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, солтүстік жартысында бұрқасын соғады.

Ақмола облысының солтүстік- батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, батыста, оңтүстік-батыста екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында 30 м/с және одан асады. Күндіз өңірдің батысында, оңтүстігінде бұрқасын көтеріледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында жел 17-22 м/с, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с, таулы асуларда 30 м/с асады. Таңертең және күндіз таулы аудандарда найзағай жарқылдайды.

Жамбыл блысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда жел – 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. Облыстың шығысы мен орталығында желдің күші 30 м/с асады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында – тұман, жолдарда көктайғақ болады. Облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Қарағанды облысының батысында, күндіз батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, түнде жел облыстың батысында 15-20 м/с, күндіз батыста, оңтүстік-шығыста 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде желдің күшеюі 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде төмен бұрқасын, көктайғақ күтіледі, облыстың оңтүстігінде тұман түседі, түнде облыстың оңтүстік-батысында, батысында 15-20 м/с жел күшейеді, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, батысында екпіні – 23-28 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде төмен бұрқасын күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі түнде батыста, солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м / с жетеді., кейде 30 м / с және одан аса күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында түнде көктайғақ болады, желдің күшеюі облыстың оңтүстігінде түнде 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні – 23-28 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жел қарқыны – 15-20 м/с. Күндіз облыс орталығында шаңды дауыл тұрады.

Атырау облысында жел екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, түнде оңтүстік-батыста жел күшейеді, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні – 15-20 м/с. Түнде солтүстік-шығыста көктайғақ, бұрқасын болады.

Күндіз Алматы облысының батысы мен шығысында желдің жылдамдығы 18-23 м/с жетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button