БастыҚоғам

Бүгін ауа-райы қандай болады?

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды болады. Оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республиканың тек солтүстігінде ашық күн райы қалыптасады. Ел бойынша желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады. Оңтүстікте найзағай күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.

Облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында, таулы аудандарда – көктайғақ, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда – 15-20 м/с жылдамдықта жел болжанады. Оның екпіні кейде 23-28 м/с күшейеді.

Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман, найзағай күтіледі.

Облыстың батысы мен солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының шығысында, орталығында жаяу бұрқасын болжанады. Күндіз-желдің күші 15-20 м/с артады.

Қызылорда облысының солтүстігінде – тұман, орталығында 15-20 м/с жылдамдықта жел болады. Түнде облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысының шығысында түнде 16 м/с жылдамдықпен жел соғады, облыстың оңтүстігінде түнде тұман күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, солтүстік-шығысында тұман болады.

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігінде, түнде Атырау облысының батысында тұман болады.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button