БастыДенсаулық

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова «ҚР халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу бойынша шараларды одан әрі күшейту туралы» жаңа қаулыға қол қойды.

Құжатта мемлекеттік органдарға, ұлттық науқандарға, бизнес-орталықтарға және басқа да кеңселерге қойылатын талаптар белгіленген.

Қаулыға сәйкес:

  • Келушілер үшін жұмыс орындары мен үй-жайларды тұрақты желдетуді жүзеге асыру қажет;
  • Объектінің үй-жайларына маскасыз кіруге жол берілмейді. 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, келушілердің ғимаратта міндетті түрде бетперде киіп жүруі қамтамасыз етіледі;
  • Кіреберісте, холлдарда, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнатылады.

Сондай-ақ, шектеу шараларын қатаңдату эпидемиологиялық жағдай 5 күн ішінде асқынған жағдайда («жасыл» аймақтан «сарыға» немесе «сары» аймақтан «қызылға» көшу) жүргізілетіні атап өтілді.

Бұдан басқа, карантиндік шараларды жеңілдету «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа көшкеннен кейін 5 күннен ерте жүргізілмейді.

Қаулының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button