Коронавирусқа шалдыққан 95 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
11 наурыздағы мәлімет бойынша, елімізде коронавирус инфекциясынан 11 910 адам (–10 859+ және 1 051 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 1 124 пациент стационарда, 10 786 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында:
– 95 адамның жағдайы ауыр,
– 30 пациенттің жағдайы өте ауыр,
– 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.