Тұтынушыларды контрафактілік өнімнен қорғау және «ашық» зергерлік нарық құру үшін асыл тастар мен бағалы металдардан жасалған зергерлік бұйымдарды цифрлық таңбалау жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды, деп хабарлайды ҚР ИИДМ-нің баспасөз қызметі.
Пилоттық жобаға тауар өндірушілер, импорттаушылар, көтерме және бөлшек сауда өкілдері, ломбардтар қатыса алады. Жобаға қатыса отырып, бизнес-қауымдастық өкілдері таңбалаудың ақпараттық жүйесінің қызметін тегін тексеру, таңбалау процесін ағымдағы өндірістік процестерге интеграциялауды пысықтау, сондай-ақ таңбалау кодтарын енгізудің түрлі тәсілдерін сынақтан өткізу мүмкіндігіне ие болады.
Таңбалау отандық зергерлік бизнесті қорғауға бағытталған. Аталған шаралар контрафактілік өнім тасымалына тосқауыл болады. Пилоттық жобаға қатысу үшін өтінімді yerlan.nurmaganbetov@digitaleconomy.kz поштасына жіберу қажет немесе +7 (708) 425-10-83 нөміріне қоңырау шалуға болады. Сондай-ақ сандық таңбалау бойынша 8 (800) 080-65-65 тегін жедел желі жұмыс істейді.