
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
«Қазгидрометтің» өкілі хабарлауынша, көктем келгеніне қарамастан, Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінің тұрғындары оны әлі сезініп үлгермеген. Өйткені бұл өңірде суық антициклон салдарынан ауа райы жауын-шашынсыз болды.
«4 наурызда циклон Жерорта теңізінен ел аумағына ауыса бастайды. Сондықтан жауын-шашын болып, ауа температурасы көтеріледі», – делінген хабарламада.
Мамандардың болжамына сәйкес, Солтүстік өңірлерде термометр бағандары күндіз 5 градусқа дейін, ал оңтүстік өңірлерде 15-20 градусқа дейін көтеріледі.


