БастыҚоғам

Мәдени демалыс: Нұр-Сұлтанда осы аптада қандай іс-шаралар өтеді?

Осы аптада елордада көрмелер, спектакльдер, концерттер және т.б. өтеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

3 наурызда филармония әртістері көрермендерге «Астана» концерт залында «Арулар, асыл жандар» музыкалық кешін, ал «Шалқыма» халық би ансамблі Целиноград ауданының Ақмол ауылындағы мәдениет үйінің сахнасында «Есіл еркелері» концертін ұсынады.

4 наурыз сағат 11:00-де. «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қамқорлығындағылар үшін «Әлемнің жарығы» қайырымдылық концертімен классикалық және эстрадалық вокал, халық әні бөлімдерінің, «Қорқыт» этно ансамблінің әртістері өнер көрсетеді. Күндіз осы уақытта «Қош келдің, әз Наурыз» мерекелік қайырымдылық музыкалық бағдарламасы «Үміт» дағдарыс орталығында ұсынылады.

Ал 5 наурыз күні сағат 15:00-де «Жан анам» классикалық және эстрадалық вокал бөлімінің Халықаралық әйелдер күніне арналған концертін тамашалауға болады.

4 наурызда сағат 16:00-де, сондай-ақ 5 және 6 наурызда сағат 12:00, 14:00, 16:00 кезінде дәл осы сахнада халық ертегісінің желісі бойынша А. Салаеваның «Старик перекати-поле» қойылымын көрсетеді.

4 наурыз күні сағат 17:00-де «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» атты мерекелік бағдарлама өткізеді.

Музыкалық жас көрермен театры 3 наурыз күні сағат 19:00-де «Шәмші» мюзиклін көрсетеді, күндіз осы уақытта театр сахнасында «Махаббат-жүрек» музыкалық-поэтикалық спектаклі қойылады. 6 наурыз күні сағат 18:00-де көрермендер «Махаббат бар ма?» комедиясын тамашалай алады.

6 наурыз күні сағат 16:00 және 19:00-де «Nomad City Hall» сахнасында «Ауыл хикаялары» спектаклі көрсетіледі.

«Жастар» театры да мерекеден шетте қалған жоқ. Аталмыш театр бүгін сағат 19:00-де Алғыс айту күніне орай «Жібек» мюзикліне шақырады. 5 және 6 наурыз күндері кешкісін жастар Ж.Аликеннің «Күйеу бала» драмасының премьерасын ұсынады.

Нұр-Сұлтан қаласының біріккен музейлер дирекциясы да бүгін «Алғыс айту – парызым» атты мерекелік көрме өткізуде. 4 наурызда «АЛЖИР тұтқыны» Рахиль Плисецкая» (Рахиль Плисецкаяның 120 жылдығына орай) тақырыбында көрме, ал 6 наурызда «Алаш партиясының көшбасшысы Әлихан Бөкейхан» экспозициясы ұйымдастырылады. Мұның бәрін дирекцияның әлеуметтік желілердегі парақшаларынан көруге болады.

4 наурыз күні сағат 16:00-де Бейбітшілік және келісім сарайының сахнасында креативті индустрияны дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Әлемнің жарығы» мерекелік концерті өтеді.

Сонымен қатар, осы аптада орталықтандырылған кітапхана жүйесі 30-ға жуық іс-шара өткізеді. Елорда кітапханаларында кітап көрмелері, поэзия сағаттары, кездесулер, әңгімелесулер, мерекелік концерттер және т.б. өткізіледі.

Демалыс күндері, 5 және 6 наурыз күндері сағат 16:00-де Астаналық цирк Алматы мемлекеттік циркінің «EXCENTRIKO» шоу-бағдарламасына шақырады.

Іс-шаралардың бәрі санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтай отырып өткізіледі.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button