БастыҚоғам

Такси қай өңірлерде қымбат?

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, биыл қаңтардың қорытындысы бойынша елде такси қызметінің бағасы бір жылда 7,1% өскен. Түркістан облысында бір жылда такси қызметі 28,2% қымбаттаған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Сондай-ақ Қостанай (бір жылда плюс 16,5%) және Маңғыстау (бір жылда плюс 14,7%) такси бағасы айтарлықтай көтерілген.

Батыс Қазақстан облысында баға айтарлықтай өзгермеген – бір жылда 0,8%.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда және Атырау облысында сектордағы баға бір жылда өзгерген жоқ.

Биыл қаңтарда такси қызметінен түскен кіріс 324,7 млн теңге болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 25,1% артық.

Сектордағы ең жоғары кіріс Қарағанды облысында тіркелді: 142,2 млн теңге. Бұл көрсеткіш бойынша үздік үштікке елорда мен Алматы енді.

2022 жылғы қаңтарда такси қызметін 161,5 млн жолаушы пайдаланған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,6% артық.

Такси жолаушыларының басым бөлігі Алматыда: 58,9 млн адам, бір жылда плюс 6,9%.

Үздік үшттіке Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары енді, аутсайдер – Ақмола облысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button