БастыСпорт

«Өкінішке қарай, солай»: ҰОК Абзал Әжіғалиевтің сынына жауап берді

Ұлттық Олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов Абзал Әжіғалиевтің әлеуметтік желідегі парақшасында жарақат алған спортшыларға көмек көрсетілмейтіне қатысты жазған жазбасынаа жауап берді, деп хабарлайды 24kz.

– Шынымен де біздің нормативтік актілер бойынша жарақат алғаннан кейін емдеуге ақша бөлінбейді. Өкінішке қарай, солай. Бірақ федерация бар, демеушілер бар. Біз кейбір спортшыларға көмек көрсетеміз. Бірақ осы мәселені дұрыстап қарау керек. Бұл біздің қателік. Спортшы жарақат алса, жалғыз қалмауы қажет, көмек көрсетілуі керек. Федерация, Ұлттық Олимпиада комитеті, министрлік жанында спорттық медицинаға жауапты мекеме бар, бәрі бірігіп осы мәселені шешуі керек. Абзалдың айтқаны рас, проблема шынында да бар, – деді Елсияр Қанағатов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button