БастыСпорт

Головкин алдағы жекпе-жекке дайындығын бастады

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) өзінің келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Головкин АҚШ-та Джонатон Бэнкстің жетекшілігімен жаттыға бастады. Геннадий әлеуметтік желіде бапкермен бірге түскен суретін жариялап, оған мынадай жазба қосты:

«Жаттығу жиынына қайта оралып, өз командамды көргеніме қуаныштымын. Жақын арада Жапониядағы жекпе-жек уақыты белгілі болады деп үміттенемін. Дайындалып жатырмыз».

Естеріңізге сала кетейік, Головкиннің келесі қарсыласы WBA Super титулының иегері Риота Мурата (16-2, 13 КО) болуы керек. Олардың жекпе-жегі 2021 жылдың соңына жоспарланған болатын, бірақ Жапонияда карантин шаралары күшейтілуіне байланысты шегерілген. Енді жекпе-жек көктемде болады деген ақпарат шыққан еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button