БастыҚоғам

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы Қара теңіз аудандарынан келетін ауқымды антициклонның ықпалында болады.

Онымен күн райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Тек қиыр солтүстікте және 17 ақпанда республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда, фронтальді бөлімдердің әсерінен қар жауады. Термометр бағандары: солтүстікте түнде 10-23 градус аяз, орталықта және шығыста 17-27, жекелеген өңірлерде 33 градус, оңтүстікте 5-15 градус аяз болады деп болжануда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button