БастыСпорт

Әлімханұлы алдағы жекпе-жек туралы жаңа мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін бразилиялық Эскива Фалькаоға (29-0, 20 КО) қарсы жекпе-жекке қатысты кезекті мәлімдеме жасады, деп хабарлайды  Prosports.kz.

Жақында екі боксшы әлеуметтік желіде пікір алмасуға кірісті, оның барысында бразилиялық былай деп айтты: «Бұл маған емес, біздің командаға және Top Rank-ке байланысты екенін жақсы білесің».

Кейін твиттерде қазақстандықтың өзі Фалькаоға қарсы жекпе-жекке күмән келтірді:

– «Әлі ешқандай жаңалық жоқ. Жаңа қарсыласым болатын сияқты. Кім екенін білмеймін, бірақ мен кез келген адамды жеңемін! Маған чемпион атағы керек!» – деді Әлімханұлы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button