БастыСпорт

Бейжің-2022: 9 ақпанда жарыс жолына кімдер шығады?

Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының бесінші күнінде қазақстандықтар үш спорт түрінен өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тау шаңғысындағы жалғыз өкіліміз Александра Троицкая Бейжің Олимпиадасындағы алғашқы және соңғы жарысына қатысады. 18 жастағы жас спортшымыз Яньциндегі жарыс жолында сынақтан өтеді.

Олимпиаданың тағы бір дебютанты Шыңғыс Ракпаров шаңғы қоссайысында ел намысын қорғайды. 26 жастағы спортшы трамплиндегі жекелей жарыстан бастап, кейін Гундерсен жүйесі бойынша 10 шақырымдық жарысқа қатысады.

Ал жарыс күнін шорт-трекшілер аяқтайды. Әйелдер арасындағы 1000 метрге жарыста Ольга Тихонова бақ сынаса, Әділ Ғалиахметов пен Денис Никиша 1500 метрде жарыс жолына шығады.

Одан бөлек, шайбалы хоккей мен керлингтен ерлер арасындағы турнир басталады. Әйелдер арасында сноуборд-кросс жарысы өтеді. Ертең шана жарысы да бар.

9 ақпандағы жарыс кестесі

Тау шаңғысы
8:15 Слалом. Әйелдер. Бірінші мүмкіндік
11:45 Слалом. Әйелдер. Бірінші мүмкіндік

Шаңғы қоссайысы
14:00 Орташа трамплин. Ерлер
17:00 Гундерсен жүйесі бойынша 10 шақырымдық із кесу жарысы. Ерлер

Шорт-трек
17:00 1500 м. Ширек финал. Ерлер
17:44 1000 м. Әйелдер. Алғашқы кезең
18:29 1500 м. Жартылай финал. Ерлер
19:20 1500 м. Финал. Ерлер

Қайдан көруге болады:
Qazaqstan, Матч Арена – 08:05, 11:35 (тау шаңғысы).
Хабар, Матч ТВ – 13:55, 16:55 (қоссайыс).
Qazaqsport, Матч Страна – 16:55 (шорт-трек).

*Нұр-Сұлтан уақытымен

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button