БастыСаясат

Ел астанасын Қостанайға көшіру туралы жалған ақпарат тарады

Әлеуметтік желілерде Қасым-Жомарт Тоқаевтың астананы Қостанайға көшіру туралы мәлімдегені жайлы ақпарат таралып жатыр. Бұл – жалған ақпарат, деді stopfake.kz.


Ресми дереккөздерде мұндай ақпарат жоқ. Еліміздегі негізгі БАҚ мұндай хабарламалар жарияламаған.

Елорданы көшіру туралы мәлімдеме akorda.kz ресми порталында да шықпаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі аккаунтында да бұл туралы жазбаған.

Қазақстан Президенті баспасөз қызметінің Twitter-аккаунтында да ел астанасын Қостанайға көшіру туралы жаңалық жоқ. 

Демек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан астанасын Қостанайға ауыстыру туралы мәлімдемесі фейк.

Басқа жаңалықтар

Back to top button