БастыҚоғам

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 8, 9 және 10 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан аумағының басым бөлігіне ай аяғына қарай Екатеринбург аудандарынан келетін циклон әсер етеді.

«Осыған байланысты ауа райы тұрақсыз сипатта болады. Жауын-шашын, тұман, көктайғақ болып, жел күшеюі мүмкін. Ай аяғына қарай, Қазақстанның солтүстік, шығыс, орталық өңірлеріне Батыс Сібір аудандарынан келетін антициклон әсер етеді. Сондықтан жауын-шашын тоқтап, температура төмендейді», делінген хабарламада.

Солтүстік өңірлерде түнде 15…28 градусқа дейін, орталық өңірлерде 15…25 градусқа дейін, ал шығыста 15…30 градусқа дейін аяз болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button