БастыСпорт

Бейжің-2022: Бүгін кімдер сынға түседі?

Бейжің Олимпиадасының үшінші күнінде қазақстандықтар тек екі спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Биатлоншы Галина Вишневская-Шепоренко Олимпиададағы жарыс жолына шығады. Ол жекелей жарыста өнер көрсетеді. Мұнда нысананы дәл көздеу маңызды. Бұл жарыс Қазақстанға бұрын медаль сыйлаған. 2010 жылы Ванкувердегі Олимпиадада Елена Хрусталева жекелей жарыста күміс медаль алған еді.

Конькимен жүгіруде Екатерина Айдова мен Надежда Морозова өнер көрсетеді. Ашылу салтанатында Қазақстан туын ұстап шыққан Айдова биылғы Олимпиадада алғаш рет жарыс жолына шығады.

Сонымен қатар, керлингте аралас жұп жарысы мен шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы турнир өтеді. Әйелдер арасындағы шаңғы жарысы басталса, мәнерлеп сырғанауда командалық турнир аяқталады. Сонымен қатар, ерлер арасындағы сноуборд-слоупстайлда жеңімпаз анықталады, сондай-ақ шорт-тректен жүлделер сарапқа салынады.

7 ақпандағы жарыс кестесі

Конькимен жүгіру спорты
14:30. 1500 м. Әйелдер

Биатлон
15:00 Жекелей жарыс. Әйелдер

Қайдан көруге болады:
Хабар, Россия 1, 14:55 (биатлон).
Qazaqstan, Матч ТВ, 14:25 (конькимен жүгіру спорты).

*Нұр-Сұлтан уақытымен

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button