БастыҚоғам

-30 градусқа дейін аяз сақталады: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан аумағының басым бөлігі Сібір антициклонының ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек 5 ақпанға жақын солтүстік-батыс циклоны елдің батысына өтіп, өзімен бірге жауын-шашын мен желді ауа райын, мұзды құбылыстарды әкеледі.

Республика бойынша тұман байқалады. Еліміздің шығысында, солтүстік-шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда 20-30 градусқа дейін аяз сақталады, Қазақстанның қалған аумағында температуралық фонның елеулі өзгерістері күтілмейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button