БастыБілім

Биыл жоғары оқу орындарында постдокторантура енгізіледі

Білім және ғылым министрлігі ғалымдарды қолдау жөнінде кешенді шаралар қабылдады. Жас ғалымдардың зерттеулеріне 1000 грант бөлу, 500 ғалымды жетекші шетелдік ғылыми орталықтарда тағылымдамаға жіберу ұйымдастырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.

Алғаш рет 2022 жылы жоғары оқу орындары мен ғылыми зерттеу институттарында постдокторантура енгізіледі.

«Егер бұрын ғалымдар жалақыны тек конкурстар арқылы ғана алатын болса, енді жетекші ғалымдар тұрақты жалақы алатын болады. Бұл – 85 ғылыми ұйымның 1200-ге жуық жетекші ғалымдарының жағдайын жақсартады», — деді А. Аймағамбетов.

Бұған қоса, еліміз үшін аса маңызды іргелі зерттеулермен айналысатын тарих және этнология институты, тіл білімі институты, математика институты, ядролық физика институты, әдебиет және өнер институты, философия және т. б. институттардың ғалымдары енді жалақыларын тұрақты режимде алып, үздіксіз жұмыс істейтін болады.

Жоғарыда айтылғандардан басқа, Білім және ғылым министрлігі ғылыми зерттеу институттарының материалдық-техникалық базасын жаңғырту жұмыстары биыл да жалғастырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button