БастыӘлем

Чемпион болған боксшы өлім жазасына кесілді

Иранда жергілікті боксшы Мохаммад Джавад Вафаи-Сани өлім жазасына кесілді. Бұған себеп 2019 жылы наразылық шеруіне қатысу болып отыр. Бұл туралы оның адвокаты Бабак Пакния твиттерде жазды, деп хабарлайды vesti.kz.

Ал бір жарым жылдай бұрын күрестен ұлттық чемпион жазаланған еді. 2020 жылы қыркүйекте 27 жастағы Навид Афкари дарға асылған болатын. Ал жазаға тартылғанға дейін ол кінәні азаптау арқылы мойындатқанын айтып шағымданған.

Норвегияда орналасқан Иранның адам құқықтары жөніндегі ұйым (IHR) 26 жастағы боксшы «мемлекеттік ғимаратты бүлдіру мен өрт қою» айыбы бойынша сотталғанын хабарлады. Ол 2020 жылы ақпанда ұсталған.  Вафаеи-Сани юниорлар арасында ел чемпионы және Мешхед қаласының чемпионы: қазір елдің шығысындағы сол қаланың абақтысында отыр.

Ал адамдар әлеуметтік желі арқылы оны аман алып қалуға шақыруда, #SaveMohammadJavad хэштегі твиттерде қатты таралған. AFP мәліметінше, Иран адам жазалау бойынша

Қытайдан кейін әлемдік көрсеткіш бойынша алда тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button