БастыСпорт

Бүгін «Барыс» өз алаңында минскілік «Динамоны» қабылдайды

23 қарашада елордалық «Барыс» өз алаңында минскілік «Динамоны» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Беларусьтік команда Қазақстанға келмес бұрын өз айдынында қатарынан төрт ойында жеңілді, бұл матчтарда команда екі ұпай ғана еншіледі. Сондықтан «Барысқа» қарсы матчта минскілік ұжым сол жеңілістердің есесін қайтаруға тырысады.

Ал астаналықтар 20 қарашада сырт айдында «Северстальді» жеңген, енді өз айдынында жанкүйерлерін қуантуға ұмтылады.

«Барыс» – «Динамо» (Минск) матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:20-да басталады, оны мына СІЛТЕМЕДЕН көруге болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button