Бастыпроисшествие

Алматыда 28 жастағы әйел кішкентай 3 баласымен бірге 9-қабаттан секіріп кетті

Алматыда әйел кішкентай үш баласымен бірге 9-қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, «Жетісу» шағынауданында көпқабатты үйлердің бірінің терезесінен жас әйел үш баласымен бірге секіріп кетті.

«28 жастағы әйел мен оның 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш кішкентай баласы 9-қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Әйел мен екі баласы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды», – деп хабарлады полициядан.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері мен басқа да мән-жайларын анықтау мақсатында Алматы қаласы ПД-де жедел-тергеу тобы құрылды. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button