БастыСпорт

Каратэден әлем чемпионаты: Төрт спортшымыз қола жүлде үшін бақ сынайды

Дубайда өтіп жатқан каратэден әлем чемпионатында жүлдеге таласатын қазақстандық спортшылардың есімі белгілі болды деп жазады Olympic.kz.

Әйелдер арасында 50 келіге дейінгі салмақтағы Мөлдір Жаңбырбай мен 68 келіге дейінгі салмақтағы Софья Берульцева қола медальға таласады.

Сондай-ақ, ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Қайсар Алпысбай мен 75 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Әжіқанов әлемдік сында үздік үштікке енуге тырысады.

Спортшылардың жекпе-жегі сенбіге жоспарланған.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button