Ертең Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына қатысады. Бұл туралы Берік Уәли жазды.
Жиында Қазақстанның қазіргі жағдайдағы сыртқы саясатының басым міндеттері мен халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері қарастырылмақ. Сондай-ақ еліміздің сыртқы саяси ведомствосы жұмысының қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланады.