БастыДенсаулық

Енді вакцина алмаған адамдар СОО-на кіре алмайды

Елордадағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығын сақтау және коронавирустың одан әрі таралуының алдын алу үшін 8 қарашадан бастап сауда ойын-сауық орталықтарына енді жұмыс күндері де «жасыл» мәртебесі бар азаматтар ғана бара алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Талдау нәтижесі көрсеткендей, үй карантинін бұзушылардың ең көп саны дәл осы сауда ойын-сауық орталықтарында тіркелген. Сауда ойын-сауық орталықтары адамдар көп жиналатын және ұзақ уақыт болатын орын екенін ескере отырып, корнавирустық инфекцияның таралу қаупі артады.

Сонымен қатар, көрші Ресейдегі және еліміздің солтүстік аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты, сондай-ақ қаладағы тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау және COVID-19 вирусының одан әрі таралуының алдын алу үшін СОО-ға бару шарттарын өзгерту бөлігінде шектеу іс-шараларын күшейту туралы мәселе қаралуда.

Осы жылдың 8 қарашасынан бастап қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз «жасыл» мәртебесі болған жағдайда, яғни вакцинация, теріс нәтижесі бар ПТР тесті болған кезде, сынамалар алынған сәттен бастап 7 тәуліктен асырмай және тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар үшін жұмыс күндері және демалыс күндері СОО-ға кіру қолжетімді болады.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button