Сербия астанасы Белград қаласында бокстан әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп жазады Prosports.kz.
Бүгін жартылай финал жекпе-жектері басталды. Қазақстандық боксшылар арасынан алғаш болып рингке Теміртас Жүсіпов шықты.
48 келі салмақта жерлесіміз беларусь боксшысы Евгениий Кармильчикпен кездесті.
Үш раунд қорытындысы бойынша Теміртас 5:0 есебімен жеңіске жетті.