БастыСаясат

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңес өтіп жатыр

Екібастұз қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңес басталды.

«Қазақстанда 89 қала бар. Соның 27-сі немесе 30 пайызы – моноқалалар. Онда 1 миллион 400 мың адам тұрады. Бұл – халқымыздың 8 пайызы. Қазір моноқалалар экономикамызды дамытуға едәуір үлес қосып отыр. Олар өндірістік өнеркәсіп өнімдерінің 40 пайызға жуығын өндіреді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, моноқалалардың экономикасын әртараптандыру айрықша маңызды.

«Басқа да салаларды дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу – аса өзекті мәселе. Бізде әлі күнге дейін моноқалаларды өркендетуге қатысты нақты ұстаным мен ортақ пікір жоқ», – деді Президент.

Басқа жаңалықтар

Back to top button