БастыҚоғам

Елорда тұрғындарының 80 пайызы халық санағынан өтті

Елорда тұрғындарының 80 пайызы жалпыұлттық халық санағынан өтті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова «Нұр-Сұлтан қаласында халық санағының өту барысы туралы» баспасөз жиынында мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Еліміздің барлық аймағында, соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында жалпыұлттық халық санағы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта елімізде халық санағынан 14 млн-нан аса адам өтті. Нұр-Сұлтанда да ұлттық санақ қарқынды келеді. Олардың басым бөлігі онлайн форматта өтіп жатыр. Қазіргі уақытта қала тұрғындарының 80 пайыздан астамы өтті. Елордалықтардың белсенділігіне алғыс білдіреміз. Халық санағы апта соңына дейін, яғни 30 қазанға дейін жалғасады. Статистика департаменті арнайы ұйымдастырған интервьюерлермен, сол сияқты қала әкімдігі қосымша бөлген волонтерлермен бірлесіп өткізіліп келеді», – дейді қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова.

Әкім орынбасары сөзін жалғай отырып, елорда тұрғындарын халық санағынан өтуге шақырды.

«Жалпы мәлімет жинау үшін, сол сияқты еліміздің экономикалық даму стратегиясын анықтау үшін халық санағының рөлі зор. Бұл – әркімнің азаматтық борышы. Санақ онлайн немесе офлайн форматта өтеді. Онлайн форматта sanaq.gov.kz сайтынан өте аласыз. Ал офлайн форматта өту үшін арнайы келген интервьюерлерге есік ашып, сұрақтарына жауап беруіңіз керек», – деп сөзін аяқтады Малик Бектұрова.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button