27 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта төрт облыс қалды. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы хабарлады.
«Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы және Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.