Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Серік Смайылұлы Қирабаевтың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Берік Уәли жазды.
– Серік Смайылұлы өнегелі ғұмыр кешіп, бар күш-жігерін отандық ғылымды дамытуға арнады. Қазақ әдебиетін терең зерттеп, ұлттық қазынамызды жарқыратып көрсетуге сіңірген еңбегі өте мол. Көптеген еңбектердің, монографиялардың және оқулықтардың авторы атанды. Білікті мамандар даярлау ісіне де орасан зор үлесін қосқан еді. Соңына өшпес із, ғылыми мол мұра қалдырған ұлағатты ұстаз Серік Смайылұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Халқымыз есімін әрдайым ардақ тұтады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын, – деп жазылған Қазақстан Президентінің жеделхатында.