БастыСпорт

Әлем чемпионаты: Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыласы кім?

Белградта бокстан әлем чемпионаты басталды. Бүгін алғашқы жекпе-жектер өтеді. Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыласы белгілі. Prosports.kz тілшісі боксшыларымыздың жарыс кестесін ұсынады.

Қазақстан 13 салмақ дәрежесінде де сынға түседі. Төрт боксшымыз 1/32, сегіз боксшымыз 1/16 финалдан бастайды. Ал Теміртас Жүсіповтің жарыс жолы бірден 1/8 финалдан бастау алады.

Қазақстандық боксшылардың алғашқы жекпе-жектері мынадай:

25 қазан
57 келіге дейін (1/32).
 Серік Теміржанов – Энх-Амар Хархуу (Моңғолия)
67 келіге дейін (1/32). Абылайхан Жүсіпов – Ю Линь (Тайбэй)

26 қазан
51 келіге дейін (1/16). Сәкен Бибосынов – Хасанбой Дусматов (Өзбекстан)
75 келіге дейін (1/32). Нұрқанат Райыс – Стефан Савкович (Черногория)

27 қазан
71 келіге дейін (1/32). Асланбек Шымбергенов – Фархад Моради Аташгах (Иран)
86 келіге дейін (1/16). Бек Нұрмағанбет – Кено Мачадо (Бразилия)

28 қазан
92 келіден жоғары (1/16). Нұрлан Сапарбай – Аюба Гадфа Дрисси (Испания)

29 қазан
54 келіге дейін (1/16). Махмуд Сабырхан – Ин Кю Ким (Оңтүстік Корея)
60 келіге дейін (1/16). Саматәлі Төлтаев – Тамба Соргор (Сьерра-Леоне) / Хунатип Пиднуч (Таиланд) жекпе-дегінің жеңімпазы
92 келіге дейін (1/16). Айбек Оралбай – Матеуш Березницки (Польша)

30 қазан

48 келіге дейін (1/8). Теміртас Жүсіпов – Мұхаммет Унлу (Түркия) / Омер Аметович (Сербия) жекпе-жегінің жеңімпазы
63,5 келіге дейін (1/16). Санатәлі Төлтаев – Владимир Чеботарь (Молдова)
80 келіге дейін (1/16). Нұрбек Оралбай – Исаяс Фильо (Бразилия)

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button