БастыҚоғам

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК 14-16 қазан күндері аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды.

«Осы күндері ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек 16 қазанда Солтүстік-Батыс циклон жырасының ықпалымен, күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаңбыр жауады. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде желдің күшеюі күтіледі, шаңды дауыл сақталады. Күндіз елдің батысында, солтүстік-батысында 15…23 градус жылы болады.

Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында – 7…15 жылы, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 12….21 жылы болатыны болжанады», – делінген ақпаратта.

Басқа жаңалықтар

Back to top button